Жалпы ауданы 1400 м²-ден асатын, екі қабатты жаттығу кеңістігі. Заманауи тренажёрлар және екі кардио-аймақ.
Топтық жаттығулар
Арнайы топтық бағдарламаларға арналған залдар, оның ішінде кәсіби велотренажёрлармен жабдықталған Cycle-студия. Жаңадан бастағандардан бастап тәжірибелі қатысушыларға дейін барлық деңгейге арналған бағдарламалар.
Жеке жаттығулар
Тәжірибелі жаттықтырушылармен жеке жаттығулар. Мақсатыңыз бен дайындық деңгейіңізге сай әзірленген жеке бағдарлама.
Бассейндер
4 жолақты жайлы бассейн, сондай-ақ сауна, хамам және бу бөлмесі.
Топтық бағдарламалар
CYCLE
Арнайы велотренажёрларда музыка ырғағымен өтетін қарқынды топтық жаттығу. Қатысушылар әртүрлі жүктемеде педаль теуіп, жоғарыға көтерілу мен жылдамдықты имитациялайды, бұл калорияны тиімді жағуға көмектеседі.
HIGH HEELS
Би-фитнес бағыты. Биік өкшеде өтеді, пластиканы, координацияны және өзіне деген сенімділікті дамытуға бағытталған.
FULL BODY
Барлық бұлшықет топтарын қамтитын әмбебап жаттығу. Күштік және кардио жаттығулардан тұрады, калорияны тиімді жағуға көмектеседі.
СТРЕТЧИНГ
Денені созуға және икемділікті арттыруға арналған жаттығу. Физикалық жүктемеден кейін денені босаңсытып, буындардың қозғалысын жақсартады.
ЙОГА
Дене жаттығулары, тыныс алу техникасы және медитация элементтерін біріктіретін кешенді тәжірибе.
АРҚА САУЛЫҒЫ
Арқа және кор бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған арнайы бағдарлама. Денені түзу ұстауға, омыртқаға түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі.
ZUMBA
Танымал латынамерикалық және әлемдік ырғақтарға негізделген думанды би фитнес-жаттығуы. Мұнда жалықтыратын жаттығулар жоқ - тек қуат, қозғалыс және музыка ырғағындағы нағыз мереке
LADY FIT
Әйелдерге арнайы әзірленген кешенді топтық жаттығу. Ол аэробика, күштік жаттығулар және созылу элементтерін бір сабаққа біріктіреді.
ПИЛАТЕС
Бақылау, дәлдік пен шоғырлану негізгі орында тұратын жаттығулар әдістемесі. Бұл классикалық фитнесе әдетте жұмыс істемейтін терең бұлшықет-стабилизаторлармен жұмыс.